САРАПТАМАЛЫҚ СҰХБАТ

    1 / 3

    САРАПТАМАЛЫҚ СҰХБАТ
    Еңбек құқығы: Қызметкер нені білуі керек?
    Мемлекеттік еңбек инспекциясы Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары С.Алиманов «Отырар» телеарнасының «Жаңа күн» бағдарламасында қала бойынша еңбек қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік бақылаудың жүзеге асырылуы бойынша сараптамалық сұхбат берді.
    Сұхбат барысында 2026 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар, жүргізілген иексерулер мен еңбек заңнамаларына енгізілген өзгерістер кеңінен талқыланып. Қала тұрғындарын түскен сұрақтарға толық жауап берілді.

    1. Жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру (ОСНС)
    Еңбек Кодексінің 23-бабы 2-тармағы 15)-тармақшасына және 182-бабы 2-тармағы 14)-тармақшасына сәйкес жұмыс беруші жұмыскер еңбек міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан сақтандыру шартын жасасу туралы мәліметті уәкілетті мемлекеттік органға жіберуге міндетті.

    2.Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесі (ЕСУТД)
    ҚР Еңбек Кодексінің 23-бабы 2-тармағы 27-тармақшасына сәйкес, жұмыс берушілер еңбек жөніндегі уәкілетті орган айқындаған тәртіппен жұмыскермен еңбек шартын жасасу, тоқтату және өзге де мәліметтер туралы ақпаратты еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне (enbek.kz) енгізуге міндетті.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті" жаңалықтары