Сұрақтар мен жауаптар — "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Шымкент қаласы бойынша Департаменті

    "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Шымкент қаласы бойынша Департаменті мемлекеттік қызметтер мен ресми рәсімдер бойынша сұрақтары мен жауаптары.

    Сұрақ

    Жұмыс беруші жұмыскерлерді медициналық тексеруден өткізуге міндетті ме?

    Жауап

    Заңнамада көзделген жағдайларда жұмыс беруші өз қаражаты есебінен жұмыскерлерді міндетті алдын ала және мерзімдік медициналық қарап-тексеруден өткізуге міндетті.

    Сұрақ

    Жұмыскердің өмірі мен денсаулығына қауіп төнген жағдайда ол не істеуі керек?

    Жауап

    Жұмыскер өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жағдай туралы жұмыс берушіге немесе тікелей басшысына дереу хабарлауы тиіс. Жұмыс беруші анықталған қауіпті жою және қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету бойынша тиісті шаралар қабылдауға міндетті.

    Сұрақ

    Жұмыс беруші жұмыскерлерді жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етуге міндетті ме?

    Жауап

    Иә. Жұмыстың сипаты мен еңбек жағдайларына байланысты жұмыс беруші жұмыскерлерді қажетті жеке және ұжымдық қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етуге және олардың дұрыс пайдаланылуын бақылауға міндетті.

    Сұрақ

    Жұмыс беруші жұмыскерлерге еңбек қауіпсіздігі бойынша нұсқама өткізуге міндетті ме?

    Жауап

    Иә. Жұмыс беруші жұмыскерлерге еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқыту, нұсқама беру және білімін тексеруді белгіленген талаптарға сәйкес ұйымдастыруға міндетті.

    Сұрақ

    Кәсіпорында еңбек қауіпсіздігіне кім жауап береді?

    Жауап

    Жұмыс беруші жұмыскерлер үшін қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге және еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптарының сақталуын ұйымдастыруға міндетті.

    Сұрақ

    Жұмыскер өндірістік жарақат алған жағдайда не істеуі керек?

    Жауап

    Жұмыскер өндірістік жарақат немесе денсаулығына зиян келтірілген жағдайда бұл туралы жұмыс берушіге немесе тікелей басшысына дереу хабарлауы тиіс.

    Сұрақ

    Жұмыскермен өндірісте жазатайым оқиға болған жағдайда жұмыс беруші не істеуі керек?

    Жауап

    Жұмыс беруші зардап шеккен адамға алғашқы медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыруға, қажет болған жағдайда оны медициналық ұйымға жеткізуге, оқиғаның одан әрі туындауына жол бермеу шараларын қабылдауға және жазатайым оқиғаны заңнамада белгіленген тәртіппен тергеп-тексеруді қамтам...

    Сұрақ

    Жұмыс беруші жұмыскерді еңбек міндеттерін орындау кезінде жазатайым оқиғалардан сақтандыруға міндетті ме?

    Жауап

    Иә. Жұмыс беруші жұмыскер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартын жасасуға міндетті.

    Сұрақ

    АҚС (ГПХ) шарты бойынша жұмыс істейтін адам МӘМС жүйесіне қатыса ма?

    Жауап

    Азаматтық-құқықтық шарттар бойынша табыс алатын тұлғалар үшін МӘМС жүйесіне қатысты төлемдер заңнамада белгіленген тәртіппен жүргізіледі. АҚС бойынша әлеуметтік төлемдерге қатысты талаптар қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындалады.

    Сұрақ

    Жұмыс беруші жұмыскер үшін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға (МӘМС) төлем жасауға міндетті ме?

    Жауап

    Иә. Жұмыс беруші жұмыскерлер үшін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар мен жарналарды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.

    Сұрақ

    Ресми еңбек шартының жұмыскер үшін қандай әлеуметтік кепілдіктері бар?

    Жауап

    Ресми еңбек шарты жұмыскерге еңбек заңнамасында көзделген әлеуметтік және еңбек кепілдіктерін пайдалануға мүмкіндік береді, оның ішінде зейнетақы жарналары, әлеуметтік төлемдер, ақылы еңбек демалысы және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысу мүмкіндігі бар. (...

    Сұрақ

    АҚС (ГПХ) шарты бойынша жұмыс істейтін адам үшін әлеуметтік аударымдар жүргізіле ме?

    Жауап

    Иә. Азаматтық-құқықтық шарттар бойынша табыс алатын жеке тұлғаларға қатысты әлеуметтік аударымдарды жүргізу заңнамада көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.