23 қазан – Халықаралық қар барысы күні

    1 / 6

    1993 жылы Өскемендік биологтар Олег пен Ирина Логиновтар еліміздегі алғашқы «Ирбис» қар барысына қызығушылық танытатындар клубын құрды. Кейін бұл бастама Snow Leopard Fund қорына айналды.

    Олег пен Ирина Логиновтар – танымал қазақстандық экологтер, барыс және басқа да жануарлар туралы кітаптардың авторлары, қар барысын қорғау және Алтайдың биоалуантүрлілігін сақтау бағытында жұмыс істейтін ғалымдар мен қоғам қайраткерлері. Олар республикалық басылымдарда Шығыс Қазақстанның табиғатын қорғау мәселелерін көтеріп жүр. Бұл бастаманың өңір үшін маңызы зор.

    Клуб құруға биологтарға Қазақстанның көрнекті археологтары Кемел Ақышев пен Бекен Нұрмұхамбетов көмектесті.

    Ұлттық символдың қалыптасуы сол кезде басталды. Табиғат туралы ғылым мен тарих тоғысқан тұста маңызды идея дүниеге келді. Биологтар археологтардың назарын «Алтын адамның» бас киіміндегі қанатты барыстар бейнеленген алтын әшекейлерге аударды. Олар ежелгі сақтардың қасиетті тотемі болған. Ежелгі тарих пен жойылып бара жатқан жануар түрін сақтау жолындағы күрестің ұштасуы қар барысын қазіргі Қазақстанның ұлттық символына айналдыру идеясын туғызды.

    Бірнеше жылдан кейін, 1997 жылы бұл бастама мемлекеттік деңгейде көтеріліп, елді Орталық Азияның жүйрік әрі күшті барыстың бейнесіндей дамыту идеясы жарияланды.

    Фото: О. Логинов, Логиновтердің мұрағатынан

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі" жаңалықтары