«Заң мен тәртіп» акциясы аясында М.Төлебаев ауылында орналасқан мәдениет үйінде мекеме қызметкерлері арасында ақпараттық-түсіндіру шарасы өткізілді. Іс-шара барысында заң талаптарын сақтау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, қызметтік әдеп нормаларын сақтау, қоғамдық тәртіпті нығайту және құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері түсіндірілді.