
Меркі ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері полиция қызметкерлерімен бірлесіп, аудан аумағындағы тау шатқалында профилактикалық рейд өткізді. Іс-шара барысында азаматтарға өрт қауіпсіздігі талаптары түсіндіріліп, ашық отты абайсыз пайдаланбау, қоқыс қалдырмау, тау өзендерінің қауіпті учаскелеріне жақындамау, рұқсат етілмеген жерлерде суға шомылмау және балаларды қараусыз қалдырмау қажеттігі ескертілді. Демалушыларға төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне хабарласу қажеттігі түсіндірілді.
Жамбыл облысы ТЖД









