Ақтөбедегі "Келешек мектебі" халықаралық талаптарға сай екенін растады.

    ·
    Ақтөбедегі "Келешек мектебі" халықаралық талаптарға сай екенін растады.

    Білім ошағы халықаралық институционалдық аккредиттеу куәлігін алды.
    2025 жылдың 1 сәуірінде "Келешек мектептері" ұлттық жобасы аясында Ақтөбе қаласындағы №82 жалпы білім беретін орта мектебі ашылды. Жақында ғана білім ордасы халықаралық институционалдық аккредиттеуден өтіп, білім беру сапасының халықаралық талаптарға сәйкес келетіндігін тағы бір мәрте дәлелдеді.

    Осылайша осы жоба аясында ашылаған мектептер арасында Білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттігінің (IQAA) халықаралық институционалдық аккредиттеу куәлігіне ие болған алғашқы мектептердің бірі болып отыр. Мектеп директоры Абзал Тажимишев білім ордасында қызмет ететін әрбір педагог пен білім алатын оқушылардың жетістігінің арқасында осындай дәрежеге жетіп отырғанын айтып отыр.

    "Бұл жоғары жетістікті педагогтеріміздің кәсіби шеберлігі, ұжымымыздың бірлігі, оқушыларымыздың жетістіктері мен ата-ана қолдауының жарқын көрінісі деп білемін. Біз үшін бұл – тек мәртебе ғана емес, сапалы білім мен саналы тәрбие жолындағы жауапкершілікті одан әрі арттыра түсетін үлкен сенім деп нық айта аламын. Ұжым бір мақсат үшін жұдырықтай жұмылса, әрдайым биік белеске жетелейді", – деді Абзал Тажимишев.

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары