
Түнгі тыныштық – ортақ жауапкершілік!
“Sarqan jastary” филиалы Алмалы ауылдық округтерінің жастар ісі жөніндегі әдіскер-нұсқаушыларының ұйымдастыруымен «Тәртіп – қоғам тыныштығының кепілі» атты түнгі рейдтік жұмыстар жүргізілді.
Рейд барысында қоғамдық орындарда жастармен түсіндіру жұмыстары өткізіліп, құқықтық тәртіпті сақтау, қауіпсіздік талаптарын орындау және жауапкершілікті арттыру бағытында ақпарат берілді. Әрбір жасқа заңды құрметтеу, өз қауіпсіздігіне бейжай қарамау және қоғам тыныштығына үлес қосу қажеттігі түсіндірілді.
Қауіпсіз қоғам – саналы жастардан басталады! Тәртіпке бағыну – әр азаматтың міндеті






