12 тамыз – Халықаралық жастар күніне орай «Жаңа дәуір жастары» атты мерекелік концерт өткізілді. Шара барысында жастардың өнері мен шығармашылық қабілеттері көрермен назарына ұсынылып, ән шырқалып, көңілді әуендер мен әсерлі өнер көрсетілімдері орын алды. 🎶 Жастар – қоғамның қозғаушы күші, елдің ертеңі. Олардың бойындағы жалын мен жігер, білім мен өнерге деген құштарлық – жарқын болашақтың кепілі. Барша жастарды Халықаралық жастар күнімен құттықтаймыз! Жастық шақтарыңыз қуанышқа, жаңа мүмкіндіктерге және жарқын жетістіктерге толы болсын! 💐 #ХалықаралықЖастарКүні #ЖаңаДәуірЖастары #ЖастарЕлБолашағы #АдалАдам #Мәдениет