«Мектепке жол» акциясы аясында қайырымдылық көмек көрсетілді

    «Мектепке жол» акциясы аясында қайырымдылық көмек көрсетілді

    Жыланды ауылдық округі әкімінің ұйымдастыруымен «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы аясында әлеуметтік қолдауды қажет ететін оқушыларға көмек көрсетілді.
    Аталған акцияға демеушілік жасаған Айша Сергейқызының қолдауымен 32 оқушыға жалпы құны1 600 000 /бір миллион алты жүз мың/ теңгені құрайтын мектеп формасы, мектеп сөмкесі және оқу процесіне қажетті құралдар: дәптер, қалам, қарындаш, желім, сызғыш, өшіргіш және басқа да кеңсе тауарлары табысталды.
    Бұл қайырымдылық көмек оқушылардың жаңа оқу жылына қажетті заттармен қамтамасыз етілуіне үлкен қолдау болды.
    Балаларға қолдау көрсетіп, игі іске демеушілік танытқан Айша Сергейқызына алғысымызды білдіреміз. Осындай қайырымды істер өскелең ұрпаққа деген қамқорлықтың жарқын үлгісі болып табылады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Жетісу облысы Алакөл ауданы Жыланды ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары