
Шара барысында жастардың өнері мен шығармашылық қабілеттері көрермен назарына ұсынылып, ән шырқалып, көңілді әуендер мен әсерлі өнер көрсетілімдері орын алды. 
Жастар – қоғамның қозғаушы күші, елдің ертеңі. Олардың бойындағы жалын мен жігер, білім мен өнерге деген құштарлық – жарқын болашақтың кепілі.
Барша жастарды Халықаралық жастар күнімен құттықтаймыз!
Жастық шақтарыңыз қуанышқа, жаңа мүмкіндіктерге және жарқын жетістіктерге толы болсын! 
#ХалықаралықЖастарКүні #ЖаңаДәуірЖастары #ЖастарЕлБолашағы #АдалАдам #Мәдениет








