
Әуезов ауданында Халықаралық қарттар күніне орай Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының ұйымдастыруымен «Үлкенге құрмет – кішіге міндет» атты мерекелік концерт өтті.
Шара барысында аға буын өкілдеріне құрмет көрсетіліп, ақжарма тілектер айтылды. Мерекелік бағдарламада әсем әндер шырқалып, түрлі шығармашылық қойылымдар ұсынылып, қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Қарияға құрмет – халқымыздың асыл дәстүрі. Осындай шаралар ұрпақтар сабақтастығын нығайтып, үлкенді ардақтау мен ізет көрсетудің маңызын дәріптейді.









