Әуезов ауданының әкімі Абзал Егембердиевтің тұрғындармен кезекті кездесуі өтті

    Әуезов ауданының әкімі Абзал Егембердиевтің тұрғындармен кезекті кездесуі өтті

    Әуезов ауданының әкімі Абзал Егембердиевтің тұрғындармен кезекті кездесуі Ақсай-3А шағынауданындағы №123 мектепте өтті.

    Кездесу барысында тұрғындар ауданның тыныс-тіршілігіне қатысты бірқатар өзекті мәселені көтерді. Атап айтқанда, аула аумақтарын жөндеу және абаттандыру, кәріз жүйесінің жай-күйі, әлеуметтік мәселелер, құрылыс нысандары, аулаларды жарықтандыру және қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағыттары талқыланды.

    Тұрғындар өз өтініштері мен ұсыныстарын тікелей жеткізіп, көтерілген мәселелер бойынша жауапты мемлекеттік органдар мен коммуналдық қызмет өкілдерінің түсіндірмелерін алды.

    Кездесу қорытындысы бойынша әрбір өтініш назарға алынып, жауапты сала өкілдеріне мәселелерді жан-жақты пысықтап, заңнама аясында тиісті шаралар қабылдау жөнінде тапсырмалар берілді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Әуезов ауданы әкімінің аппараты" жаңалықтары