
Абай ауылдық клубында көрермендерге «Қазақфильм» киностудиясы ұсынған «Махамбет» атты отандық көркем фильм көрсетілді.
Кино көрсетілімінің басты мақсаты – ұлттық тарихымызды, халқымыздың азаттық жолындағы күресін, батыр бабаларымыздың ерлігін насихаттау және жастардың тарихи санасы мен патриоттық рухын қалыптастыру.
Фильмде қазақтың қайсар ұлы, ақын әрі батыр Махамбет Өтемісұлының өмірі, ел тәуелсіздігі жолындағы күресі мен өр рухы әсерлі бейнеленген. Көрермендер тарихи туындыны зор қызығушылықпен тамашалап, ұлттық құндылықтарды дәріптейтін мұндай фильмдердің тәрбиелік маңызы зор екенін атап өтті.
Осындай тағылымды кино көрсетілімдері арқылы ұлттық рухты көтеріп, тарихымызды терең тануға үлес қоса береміз.







