«Таза Қазақстан» акциясы аясында Маңғыстауда түсіндіру жұмыстары жүргізілуде

    ·
    «Таза Қазақстан» акциясы аясында Маңғыстауда түсіндіру жұмыстары жүргізілуде

    Маңғыстау облысында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында тұрғындар мен қала қонақтары арасында қоршаған ортаны қорғау және қоғамдық орындарда тазалық сақтау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған түсіндіру жұмыстары жалғасуда.

    Акцияның негізгі мақсаты – экологиялық жауапкершілікті арттыру, қоғамдық орындарды таза ұстау мәдениетін қалыптастыру және азаматтардың қоршаған ортаға ұқыпты қарауын насихаттау.

    Іс-шара барысында волонтерлер мен жауапты қызметкерлер тұрғындарға қоқысты арнайы белгіленген орындарға тастау, табиғатты қорғау және ортақ пайдаланылатын аумақтардың тазалығын сақтау қажеттігін түсіндірді. Сонымен қатар қатысушыларға экологиялық мәдениетті насихаттайтын ақпараттық жадынамалар таратылды.

    Ұйымдастырушылар өңір тұрғындары мен қонақтарын тазалықты сақтауға және табиғатты қорғауға белсенді атсалысуға шақырады.

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары