Болашақ мамандарды қауіпсіз еңбекке бейімдеу

    1 / 5

    Маңғыстау облысы ТЖД Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасының бас маманы Т. Ережепов Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінің білім алушыларымен кездесу өткізді. Іс-шараның негізгі мақсаты – қазандық, газ шаруашылығы және жүк көтергіш құрылыстар салаларындағы қауіпсіздік талаптарын түсіндіру, сондай-ақ болашақ инженер-техник кадрлардың кәсіби даярлығын арттыру.

    Жиын барысында маман қауіпті өндірістік нысандардағы авариялар мен оқыс оқиғалардың алдын алу тетіктеріне кеңінен тоқталып, өндірістік тәуекелдерді барынша азайтудың заманауи тәсілдерін таныстырды. Сонымен қатар қатысушылар тарапынан қойылған кәсіби сұрақтарға жан-жақты жауап берілді.

    Тақырыптық слайдтар мен тәжірибеден алынған нақты мысалдар жастардың салалық бағыттарды тереңірек меңгеруіне мүмкіндік берді. Мұндай профилактикалық дәрістер – өңірдегі өндірістік объектілердің сенімді әрі қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз ететін білікті кадрлар резервін даярлауға бағытталған маңызды қадам.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті" жаңалықтары