М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде«Өнеркәсіптікқауіпсіздіктегіонлайноқыту–заманауибілімберудіңболашағы»тақырыбында жоғары деңгейдегі дөңгелек үстел өтті.Ауқымды іс-шара Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасы өкілдерінің тікелей қатысуымен ұйымдастырылды. Жиынға университет басшылығы, профессор-оқытушылар құрамы, салалық басқарма қызметкерлері, сондай-ақ Путра Малайзия университетінің Компьютерлік ғылымдар және ақпараттық технологиялар факультетінің өкілі, философия докторы (PhD) арнайы қатысты.
Кездесу барысында өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы цифрлық білім берудің заманауи тәсілдері, инновациялық мүмкіндіктері, сондай-ақ өндіріс секторы мен еңбек нарығының талаптарына сай жоғары білікті мамандарды даярлау мәселелері жан-жақты талқыланды. Халықаралық және отандық тәжірибе алмасу барысында тараптар өзара ынтымақтастықты одан әрі нығайту бағыттарын айқындады.
Жиын қорытындысы бойынша өнеркәсіптік саладағы цифрлық білім беру үдерісін жетілдіруге және оның сапасын арттыруға бағытталған тиімді ұсыныстар мен шешімдер қабылданды.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









