Астана қаласы ТЖД Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасының мемлекеттік инспекторлары жоспарлы тексеру жүргізді. Іс-шара электронды-оптикалық аспаптар өндіретін «Казахстан Aselsan инжиниринг» ЖШС-да жүзеге асырылды. Тексеру барысында ғимараттар мен құрылыстардың техникалық жай-күйі, компрессорлық станциялар, ауа жинағыштар, жүк көтергіш механизмдер мен газификаторлар қаралды. Сонымен қатар ацетон секілді тез тұтанатын заттарды сақтау әрі пайдалану орындары, өндірістік бақылауды ұйымдастыру, персоналды оқыту мен жұмысшыларды жеке қорғау құралдармен қамтамасыз ету тексерілді. Ал кәсіпорынның жауапты қызметкерлеріне өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнама талаптары мен мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі түсіндірілді. Бақылау қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама беріліп, әкімшілік айыппұл салынды, сондай-ақ зауыт өкілдерінің қатысуымен техникалық кеңес өткізілді.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.







