ТЖМ вице-министрі «Түркістан БГҚ» ЖШС-нің өндірістік қауіпсіздік деңгейімен танысты

    1 / 5

    Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министрі Е.А. Садырбаев Шымкент қаласы мен Түркістан облысына жасаған жұмыс сапары аясында Сайрам ауданындағы «Түркістан БГҚ» ЖШС-нің өндірістік нысандарында болып, кәсіпорын қызметімен танысты.Аумақты аралау кезінде государственный орган өкіліне өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі талаптарының орындалуы, сондай-ақ тәуекелдерді басқару мен авариялардың алдын алуға бағытталған кешенді шаралар жөнінде баяндалды.

    Серіктестік басшылығы еңбек қорғау саласындағы атқарылып жатқан жұмыстардың тиімділігіне тоқталды.Бұдан бөлек, мекемедегі цифрландыру және технологиялық процестерді автоматтандыру жобалары таныстырылды. Тараптар қауіпті техникалық құрылғыларды онлайн бақылау, өндірістік көрсеткіштерге цифрлық мониторинг жүргізу және заманауи ақпараттық жүйелер арқылы қызметкерлердің қорғалу деңгейін арттыру мәселелерін талқылады.
    Кездесу қорытындысында Е.А. Садырбаев белгіленген нормаларды қатаң сақтаудың маңыздылығын атап өтті. Ол барлық кезеңге цифрлық шешімдерді енгізу есебінен еңбек өнімділігін арттыру қажеттігіне назар аударды. Сонымен қатар, төтенше жағдайларға жол бермеу мақсатында кәсіпорында персоналды нақты уақыт режимінде позициялау мен іздестірудің автоматтандырылған жүйелерін орнатуды ұсынды.
    Вице-министр стратегиялық маңызы бар аталған объектіде өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету басым міндеттердің бірі екенін ерекше атап өтті.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті" жаңалықтары