Мұнаралы крандарды қауіпсіз пайдалану және авариялардың алдын алу мәселелері талқыланды

    1 / 4

    Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасы құрылыс ұйымдарының басшыларымен және жүк көтергіш механизмдердің иелерімен бірлескен профилактикалық кеңес өткізді.
    Іс-шараның басты мақсаты
    –құрылыс нысандарында мұнаралы крандарды қауіпсіз пайдалану, өндірістік авариялар мен оқыс оқиғалардың алдын алу және салалық нормативтік талаптардың сақталуын қамтамасыз ету. Кездесу барысында атап өтілгендей, бүгінгі таңда облыста 42 ұйымда 62 мұнаралы кран тіркелген. Соңғы айлардағы республика мен өңірдегі статистика жүк көтергіш техниканың тұрақты инженерлік бақылауды қажет ететінін көрсетіп отыр. Көп жағдайда оқыс оқиғалар күнделікті өндірістік бақылау әлсіреген жерде орын алады. Сондықтан жиын алдын алу сипатында өтіп, тәуекелдерді ерте кезеңде болдырмауға бағытталды.

    Жиын қорытындысы бойынша кәсіпорын басшыларына алдағы 30 күн ішінде кешенді ішкі салыстырып тексеру жүргізуді қамтитын іс-қимыл жоспары таныстырылды. Осы мерзім ішінде кәсіпорындар департамент тізіліміндегі меншікті және жалға алынған крандарды есепке алу деректерін өзектендіріп, техникалық куәландыру мерзімдері мен қауіпсіздік аспаптарының, сондай-ақ кран жолдарының жарамдылығын тексеруі керек. Сондай-ақ жауапты инженерлік-техникалық қызметкерлерді тағайындау туралы бұйрықтар мен персонал куәліктерінің өзектілігіне көз жеткізіп, мердігерлермен жұмыс істеу кезінде жолдардың жай-күйі, жұмыс жүргізу жобасы және техниканы жұмысқа жіберу үшін жауапкершіліктің бөлінуін шарттарда нақты бекітуі қажет. Кездесу соңында қатысушыларға өнеркәсіптік және техникалық қауіпсіздік талаптарын бұзғаны үшін қолданыстағы тәртіпке сәйкес көзделген жауапкершілік шаралары түсіндіріліп, департамент өкілдері құрылыс ұйымдарымен ашық диалог пен әдістемелік қолдау көрсетуге әзір екенін жеткізді.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті" жаңалықтары