Көкшетау қаласының музыкалық мектебінің үрмелі аспаптар оркестрі Беларусь Республикасының астанасы Минск қаласында өткен «Планета искусств» халықаралық фестивалінде өнер көрсетіп, жоғары нәтижеге қол жеткізді. Жас музыканттар байқау қорытындысы бойынша І дәрежелі лауреат атанып, Ақмола облысының өнер саласындағы жетістіктер қорын толықтырды.
Халықаралық деңгейдегі байқауда Көкшетау қаласының музыкалық мектебінен 8 тәрбиеленуші мен 4 педагог өнер көрсетті. Жас орындаушылар Минск қаласындағы Мәдениет сарайының сахнасында өз өнерлерін паш етіп, кәсіби шеберліктерін жоғары деңгейде көрсетті.
Айта кетейік, 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған мерекелік іс-шара барысында Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов жас музыканттарға «Планета искусств» халықаралық байқауына қатысуға жолдама табыстаған болатын.
Көкшетаулық өнерпаздар көрсетілген қолдау үшін Ақмола облысының басшылығына алғыстарын білдіріп, туған қаласы мен өңірінің намысын халықаралық деңгейде абыроймен қорғағандарын мақтан тұтады.
Жас музыканттардың бұл жеңісі – олардың шығармашылық жолындағы маңызды белес әрі Ақмола өңірінде балалар мен жасөспірімдердің өнерге деген қызығушылығын дамытуға жасалып отырған қолдаудыңнәтижесі.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









