2026 жылғы 23 қарашада Ақмола облысының мектептерінде 6–10 сынып оқушылары арасында қаржылық қауіпсіздік бойынша диктант өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың қаржылық сауаттылығын арттыру, ақшалай қаражатты қауіпсіз пайдалану дағдыларын қалыптастыру және қаржылық алаяқтықтың алдын алу.
Диктант барысында оқушылар қаржы пирамидалары, олардың негізгі белгілері және мұндай схемаларға қатысудың ықтимал салдары туралы сұрақтарға жауап берді. Сонымен қатар қаржылық алаяқтық түрлері, қаржылық қылмыстардан қорғану жолдары, банк карталары мен жеке деректерді қауіпсіз пайдалану ережелері қамтылды.
Әсіресе күмәнді ұсыныстарды ажырата білу, жылдам әрі оңай табыс табуға уәде беретін жарнамаларға сенбеу, SMS арқылы келетін құпиясөздер мен растау кодтарын бөгде адамдарға бермеу мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Іс-шара қорытындысы бойынша оқушылар қаржылық қауіпсіздік жөніндегі білімдерін бекітіп, өз қаражаты мен жеке ақпараттарын қорғауға қатысты пайдалы кеңестер алды.
Мұндай іс-шаралар жас ұрпақтың қаржылық сауаттылығын арттыруға, жауапты қаржылық мінез-құлық қалыптастыруға және алаяқтық әрекеттерден сақтану мәдениетін дамытуға ықпал етеді.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









