Ақмола облысында «Заң мен тәртіп» аясында өңірлік Полиция департаменті білім беру ұйымдарының автобус жүргізушілерін «Үлгілі жүргізуші» номинациясы бойынша марапаттады.
Марапаттар кәсіби міндеттеріне жауапкершілікпен қарағаны, жол қозғалысы ережелерін сақтағаны және балаларды қауіпсіз тасымалдауды қамтамасыз еткені үшін табысталды.
Құрметке ие болғандар:
- Досмағамбетов Еркін Қайыржанұлы – Көкшетау қаласындағы №1 арнайы мектеп-интернаты;
- Комов Владимир Сергеевич – Көкшетау қаласындағы Абай атындағы №3 «Дарын» облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты;
- Копишев Ғалым Еслямбекұлы – Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің Красный Яр ауылындағы №3 көпсалалы мектеп-гимназиясы;
- Мұхаметшин Рашит Зиганшинович – Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің Красный Яр ауылындағы №1 жалпы орта білім беретін мектебі .
Балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету – білім беру ұйымдары жұмысының басым бағыттарының бірі.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









