Қазақстан білім олимпиадасының қорытындысы

    Ғылымды дәріптеу мақсатында 2026 жылғы 6-12 қараша аралығында «Білім-инновация» халықаралық қоғамдық қоры Edlight Academy бірлесіп Қазақстан білім олимпиадасын өткізді.

    Ақмола облысынан олимпиадаға 5 дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернатынан83 оқушы қатысты.

    Олимпиада жаратылыстану-математикалық цикл пәндері бойынша (математика, химия, физика, биология, информатика, география) екі кезеңде өтті.

    Олимпиаданың қорытындысы бойынша 25 оқушы жүлдегер және жеңімпаз атанды: І-дәрежелі дипломмен – 2 оқушы, ІІ-дәрежелі дипломмен – 9 оқушы, ІІІ-дәрежелі дипломмен – 14 оқушы, грамотамен – 5 оқушы марапатталды.

    1) Ақмола облысы білім басқармасының "Білім-инновация" лицей-интернатының (барлығы 22 оқушы қатысты) 13 оқушысы жүлдегер және жеңімпаз атанды: І-дәрежелі дипломмен – 2 оқушы, ІІ-дәрежелі дипломмен – 5 оқушы, ІІІ-дәрежелі дипломмен – 6 оқушы марапатталды.

    2) Астана қаласы, №2 "Дарын" облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының (барлығы 15 оқушы қатысты) 2 оқушысы - ІІІ-дәрежелі дипломмен марапатталды.

    3) Көкшетау қаласы, Абай атындағы дарынды балаларға арналған № 3 «Дарын» облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының (барлығы 15 оқушы қатысты) 4 оқушысы жүлдегер және жеңімпаз атанды: ІІ-дәрежелі дипломмен – 2 оқушы, ІІІ-дәрежелі дипломмен – 2 оқушы,грамотамен – 2 оқушы марапатталды.

    4) Степногорск қаласы, № 4 "Болашақ" облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының (барлығы 15 оқушы қатысты) 4 оқушысы жүлдегер және жеңімпаз атанды: ІІ-дәрежелі дипломмен – 1 оқушы, ІІІ-дәрежелі дипломмен – 3 оқушы марапатталды.

    5) Щучинск қаласының "Білім-инновация" IT лицей-интернатының (барлығы 16 оқушы қатысты) 2 оқушысы жүлдегер және жеңімпаз атанды: ІІ-дәрежелі дипломмен – 1 оқушы, ІІІ-дәрежелі дипломмен – 1 оқушы, грамотамен – 3 оқушы марапатталды.

    Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлерін шын жүректен құттықтаймыз!!!

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Ақмола облысының білім басқармасы" жаңалықтары