Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының ұйымдастыруымен Көкшетау қаласы, Абай атындағы дарынды балаларға арналған № 3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының базасында 2-8 сынып оқушылары арасында «Зерде» республикалық зерттеу жобалары байқауының облыстық кезеңі өткізілді.
Байқаудың қорытындысы бойынша:
І-дәрежелі дипломмен – 32 оқушы
ІІ-дәрежелі дипломмен – 53 оқушы
ІІІ-дәрежелі дипломмен – 76 оқушы
Грамотамен – 28 оқушы марапатталды
Байқаудың облыстық кезеңінің нәтижесі бойынша І орынды иеленген 32 оқушы байқаудың республикалық кезеңіне қатысуға жолдама алды.
Байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтаймыз!
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








