Ауыл оқушылары арасындағы республикалық олимпиада: Ақмолалықтар жеңіс тұғырында

    1 / 2

    2026 жылғы 16-20 қараша аралығында Астана қаласында қоғамдық-гуманитарлық бағыты бойынша ауыл мектептерінің 10-11 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың ІV кезеңі өтті.

    Олимпиаданың мақсаты — ауылдық жерлердегі мектеп оқушыларының дарыны мен қабілеттерін анықтау және оларға қолдау білдіру, неғұрлым академиялық қабілетті оқушыларды табу, олардың зияткерлік дамуы мен кәсіби бағдарлануына жағдай жасау.

    Олимпиадада ІІІ (облыстық) кезеңінің 23 жеңімпазы Ақмола облысының намысын қорғады.

    Олимпиада қорытындысы бойынша 10 оқушы жүлдегер және жеңімпаз атанды: І-дәрежелі дипломмен – 2 оқушы, ІІ-дәрежелі дипломмен – 5 оқушы, ІІІ-дәрежелі дипломмен – 3 оқушы, грамотамен – 5 оқушы марапатталды.

    Бұдан бөлек, командалық есепте Ақмола облысының құрамасы «Ең үздік олимпиадалық команда – 2026» номинациясы бойынша ІІІ дәрежелі дипломға ие болды.

    Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне, сондай-ақ оларды дайындаған педагогтерге Freedom Bank тарапынан ақшалай сыйақылар табысталды.

    I орын үшін оқушылар – 150 мың теңге, оларды дайындаған педагогтер – 100 мың теңге, II орын үшін сәйкесінше 100 мың және 50 мың теңге, ал III орын үшін 50 мың және 25 мың теңге көлеміндегі ақшалай сертификаттарға ие болды.

    Алтын медальмен және І-дәрежелі дипломмен марапатталды:

    1.Киселёва Виктория -Сандықтау ауданы, Новоникольск ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы, «Қазақстан тарихы» пәні бойынша.

    2. Хайришева Гаухар – Жарқайың ауданы, Гастелло ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы, «Орыс тілі мен әдебиеті» пәні бойынша.

    Күміс медальмен және ІІ-дәрежелі дипломмен марапатталды:

    Уәли Назерке – Целиноград ауданы, Қараөткел ауылының ІТ мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы, «Ағылшын тілі» пәні бойынша.

    Марат Кәусәр – Целиноград ауданы, Талапкер ауылының ІТ мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы, «Ағылшын тілі» пәні бойынша.

    Сұлтан Ерасыл – Көкшетау қаласы, Красный Яр ауылының № 1 жалпы орта білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы, «Қазақстан тарихы» пәні бойынша.

    Шахупов Махамбет – Астрахан ауданы, Астрахан ауылының № 2 жалпы орта білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы, «Қазақстан тарихы» пәні бойынша.

    Рудниченко Дарья – Бұланды ауданы, Партизанка ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы, «Орыс тілі мен әдебиеті» пәні бойынша.

    Қола медальмен және ІІІ-дәрежелі дипломмен марапатталды:

    Султангалиева Адия – Шортанды ауданы, Шортанды кентінің № 2 жалпы орта білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы, «Ағылшын тілі» пәні бойынша.

    Беркимбаева Саина – Атбасар ауданы, Бастау ауылының № 1 жалпы орта білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы, «Құқық негіздері» пәні бойынша.

    Антипенко Владимир – Атбасар ауданы, Мариновка ауылының № 1 жалпы орта білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы, «Құқық негіздері» пәні бойынша.

    Грамотамен марапатталды:

    Абакова Алина – Ерейментау ауданы, Ақмырза ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы, «Қазақ мектептеріне арналған орыс тілі» пәні бойынша.

    Бағланқызы Сұңқар – Целиноград ауданы, Қоянды ауылының мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы, «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша.

    Квасневская Анастасия – Аршалы ауданы, Ақбұлақ ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы, «Орыс тілі мен әдебиеті» пәні бойынша.

    Рязанова Анастасия – Аршалы ауданы, Аршалы кентінің № 2 жалпы орта білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы, «Орыс тілі мен әдебиеті» пәні бойынша.

    Гринюкова Полина – Атбасар ауданы, Мариновка ауылының № 1 жалпы орта білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы, «Құқық негіздері» пәні бойынша.

    Жүлдегерлерімізді шын жүректен құттықтаймыз!!!

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Ақмола облысының білім басқармасы" жаңалықтары