Ақмола облысының командасы WorldSkills Kazakhstan – 2026 чемпионатына дайын

    1 / 8

    2026 жылғы 20 қарашада Ақмола облысы білім басқармасының Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беруді дамыту орталығы өңір атынан «WorldSkills Kazakhstan – 2026» республикалық чемпионатына қатысатын конкурсанттар мен сарапшы-компатриоттарға арналған «Кәсіби табысқа психологиялық дайындық» тақырыбында тренинг ұйымдастырды.

    Іс-шара Ж. Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің базасында өтті.

    Кездесу барысында Ақмола облысының білім басқармасының басшысы Әйгерім Қошанова құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

    Іс-шараның ерекше әрі маңызды сәттерінің бірі – WorldSkills Kazakhstan – 2026 туын өңірлік команда өкілдеріне салтанатты түрде табыстау рәсімі болды. Туды табыстау – қатысушылар мен сарапшыларға көрсетілген қолдау мен сенімнің, алдағы кәсіби сын-қатерлер алдында берілген ақжолтай тілектің символы.

    ТжКБ орталығының басшысы Нартай Ибраев республикалық чемпионатта Ақмола облысының намысын қорғайтын өңірлік команданы таныстырды.

    Бағдарлама аясында сарапшы-компатриоттар үшін WorldSkills Kazakhstan – 2026 стандарттары бойынша тестілеу ұйымдастырылып, «Қайта жүктеу: өз ресурсыңды іске қос, команда әлеуетін аш» тақырыбында тренинг өткізілді.

    Ал студент-конкурсанттар үшін Ақмола облысы білім басқармасының Психологиялық қолдау орталығының мамандары «Бір толқында: қарым-қатынас күші және командалық рух» тақырыбында тренинг өткізді. Тренинг барысында қатысушылар тиімді қарым-қатынас жасау, командалық өзара әрекеттесу, эмоционалдық тұрақтылық, өз күшіне сенімділік және конкурстық сынақтарға психологиялық дайындық дағдыларын дамытуға бағытталған жұмыстарға қатысты.

    Ақмола облысының командасына сәттілік, сенімділік және WorldSkills Kazakhstan – 2026 чемпионатында жарқын жеңістер тілейміз!

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Ақмола облысының білім басқармасы" жаңалықтары