Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы Көкшетау қаласындағы Құрылыс технологиялық колледжінің базасында 9-11 сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық ғылыми жобалар байқауының облыстық кезеңін өткізді.
Байқау қорытындысы бойынша:
І-дәрежелі дипломмен – 21 оқушы
ІІ-дәрежелі дипломмен – 43 оқушы
ІІІ-дәрежелі дипломмен – 45 оқушы
Грамотамен – 17 оқушы марапатталды
Республикалық ғылыми жобалар байқауының облыстық кезеңінде І, ІІ, ІІІ орын алған қатысушылар бейінді пәндер бойынша а.ж. желтоқсан айында екінші турдан (тестілеуден) өтеді.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз! Жаңа жетістіктер мен ғылыми ізденістеріне сәттілік тілейміз! !
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









