WorldSkills Kazakhstan 2026

    1 / 8

    Бүгін WorldSkills Kazakhstan 2026 XI республикалық чемпионатының алғашқы конкурс күні басталды!

    Еліміздің жас мамандары конкурс тапсырмаларын орындауға кірісіп, кәсіби шеберліктерін, заманауи дағдыларын және еңбек нарығының талаптарына сай біліктіліктерін көрсетуде.

    Биыл Ақмола облысының командасы чемпионатқа 41 құзыреттілік бойынша қатысуда. Өңірлік команданың құрамында 50 студент пен 41 сарапшы бар.

    Еске сала кетейік, чемпионат 28 қарашаға дейін жалғасады. Еліміздің барлық өңірінен 800-ден астам қатысушы үздік атану үшін бақ сынауда.

    Қатысушыларымызға сәттілік, шабыт және жарқын жеңістер тілейміз! Әрбір конкурс күні кәсіби дамуға, жаңа тәжірибе мен үлкен жетістіктерге бастайтын маңызды қадам болсын!

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Ақмола облысының білім басқармасы" жаңалықтары