Астана қаласында «Қазақстан Республикасы колледждерінің үздік 100 студенті» республикалық байқауының жеңімпаздары марапатталды.
Бұл айтулы шарада Ақмола облысының колледж студенттері жоғары жетістіктерімен көзге түсіп, еліміздің үздік 100 студентінің қатарына енді!
Ақмола облысының жеңімпаздары:
1. Рахимбеков Досбол Ерланович – Щучинск қаласының Жоғары техникалық колледжі.
2. Жағупар Даниал Қуанышбекұлы – Ж. Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі.
3. Тимченко Анжелика Денисовна – Щучинск қаласының Жоғары педагогикалық колледжі.
4. Ходенко Игнат Михайлович – Ветеринария және биотехнология жоғары колледжі.
5. Сатанова Аиза Кайратовна – Степногорск қаласының жоғары тау-кен индустриалдық колледжі.
Бұл жеңіс – студенттердің табанды еңбегінің, білімге деген құштарлығының, кәсіби шеберлігінің және ұстаздарының қажырлы еңбегінің жемісі.
Ақмолалық студенттердің республикалық деңгейде үздік атануы өңірдегі техникалық және кәсіптік білім беру саласының әлеуетін көрсетеді.
Жеңімпаздарды, олардың ата-аналарын, жетекшілерін және колледж
ұжымдарын құттықтаймыз! Жаңа жетістіктер мен кәсіби табыстар тілейміз!
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









