Қызметтік тағайындау

    «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Фармация комитеті» РММ төрағасының 2026 жылғы 11 қарашадағы № 50 ж/қ бұйрығымен Оспанова Айгуль Алмазовна Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Фармация комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті» РММ басшысы болып тағайындалды.

    Оспанова Айгуль Алмазовна Шымкент мемлекеттік медицина институтын бітірген.

    Фармацевтика саласындағы еңбек жолын 1987 жылғы тамыз айында бастаған, ал мемлекеттік қызметтегі еңбек жолы 2005 жылғы мамыр айынан басталады. Осы жылдар ішінде жетекші маман қызметінен бастап, Департамент басшысының орынбасары лауазымына дейінгі кәсіби жолдан өтті.

    Аталған тағайындау оның Ақмола облысында фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік бақылау жүйесіндегі кәсіби қызметінің жаңа кезеңі болып табылады.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "ҚР ДСМ Фармация комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті" жаңалықтары