ҚР ДСМ Фармация комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті

    Жалпы ақпарат
    ҚР ДСМ Фармация комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар
    Бұйрық

    2026 ж. 04.11. № 31-НҚ "Дәрілік заттың тіркеу куәлігін кері қайтарып алу туралы"

    «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 10-бабының 7) тармақшасына, 259-бабының 1-тармағының 7) тармақшасына және «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды қолдануды тоқтата тұру, тыйым салу немесе айналыстан алып қою не шектеу қағидаларын бекіту» туралы ҚР ДСМ 2020жылғы 24 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-322/2020 бұйрығына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН: 1. «Мометазон Санто, сыртқа қолдануға арналған крем, 0,1%» ҚР-ДЗ-5№023122,дәрілік заттың тіркеу куәлігі кері қайтарылсын,тіркеу куәлігінің ұстаушысы – «Химфарм» АҚ, Қазақстан. 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігініңФармация комитетінің (бұдан әрі – Комитет)фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету және интеграция басқармасы осы шешім қабылданған күннен бастап жұмыс бір күннің ішінде жазбаша (еркін) нысанда Комитетінің аумақтық бөлімшелеріне, дәрілік заттардың тіркеу куәлігінің иесіне және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналысы саласындағы мемлекеттік сараптама ұйымына хабарласын. 3. Комитеттің аумақтық бөлімшелері осы шешім туралы ақпаратты алған күннен бастап бір жұмыс күннің ішінде: 1) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына, басқа да мемлекеттік органдарға (құзыреті бойынша) (жазбаша еркін нысанда) хабарлауды; 2) бұқаралық ақпарат құралдарына орналастыруды қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын қадағалау Комитет төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін. 5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ФармациякомитетініңтөрағасыБ. Жүсіпов

    Жарияланды:
    Бұйрық

    2026 ж. 04.11. № 29-НҚ "Дәрілік заттың тіркеу куәлігін кері қайтарып алу туралы"

    «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 10-бабының 7) тармақшасына, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2016 жылғы 3 қарашадағы № 78 «Медициналық қолдануға арналған дәрілік препараттарды тіркеу және сараптау қағидалары туралы» шешімінің 10-тарауының 160-тармағының А) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН: 1. «Джадену® (деферазирокс)үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар90 мг, 180 мг и 360 мг» ЛП-№000251-ГП-KZ,дәрілік заттың тіркеу куәлігі кері қайтарылсын,тіркеу куәлігінің ұстаушысы – «NovartisPharmaAG», Швейцария. 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігініңФармация комитетінің (бұдан әрі – Комитет)фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету және интеграция басқармасы осы шешім қабылданған күннен бастап жұмыс бір күннің ішінде жазбаша (еркін) нысанда Комитетінің аумақтық бөлімшелеріне, дәрілік заттардың тіркеу куәлігінің иесіне және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналысы саласындағы мемлекеттік сараптама ұйымына хабарласын. 3. Комитеттің аумақтық бөлімшелері осы шешім туралы ақпаратты алған күннен бастап бір жұмыс күннің ішінде: 1) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына, басқа да мемлекеттік органдарға (құзыреті бойынша) (жазбаша еркін нысанда) хабарлауды; 2) бұқаралық ақпарат құралдарына орналастыруды қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын қадағалау Комитет төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін. 5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ФармациякомитетініңтөрағасыБ. Жүсіпов

    Жарияланды:
    Ереже

    ФКД туралы ереже

    "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі туралы ереже 1-тарау. Жалпы ережелер 1. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Департамент) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы, дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты, құзыреті шегінде реттеу, іске асыру, бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыру саласында басшылықты және оны іске асыруды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетінің (бұдан әрі – Комитет) аумақтық бөлімшесі болып табылады. 2. Департамент өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілеріне, өзге де Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. 3. Департамент мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлға болып табылады, қазақ тілінде өзінің атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері бар. 4. Департамент азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі. 5. Департамент егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттілік берілген болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы. 6. Департамент өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Департамент басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды. 7. Департаменттің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі. 8. Заңды тұлғаның орналасқан жері – 020000, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Н.Назарбаев даңғылы, 60. 9. Осы Ереже Департаменттің құрылтай құжаты болып табылады. 10. Департаменттің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады. 11. Департаментке кәсіпкерлік субъектілерімен Департаменттің өкілеттілігі болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қатынастар жасауға тыйым салынады. Егер Департаментке заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кіріс мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі. 2-тарау. Департаменттің міндеттері, функциялары мен өкілеттіктері 12. Міндеттері: 1) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы салаларында реттеуші, іске асыру, бақылау мен қадағалау функцияларын жүзеге асыру, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналысы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру; 2) құзыреті шегінде мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын және қолжетімділігін қамтамасыз ету; 3) өз құзыретінің шегінде Департаментке жүктелген өзге де міндеттерді жүзеге асыру. 13. Өкілеттіктері құқықтары мен міндеттері: 1) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, лауазымды тұлғалардан, жеке және заңды тұлғалардан дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы, дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамсыз ету саласындағы мәселелер бойынша ақпаратты сұратады және алады; 2) жеке және заңды тұлғалар Департаменттің лауазымды тұлғалары берген заңды талаптарды немесе нұсқамаларды, қаулыларды орындамаған немесе тиісінше орындамаған кезде сотқа жүгінеді; 3) өз құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғаларға әдіснамалық және консультациялық көмек көрсетеді; 4) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы, дәрілік заттар және медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүзеге асыру; 5) өз құзыреті шегінде консультациялық-кеңесші және сараптамалық комиссиялар (жұмыс топтарын) құру; 6) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде алынған коммерциялық, қызметтік, заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты жария етпеу; 7) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы, медициналық қызметтер (көмек) көрсету және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы салаларындағы бақылау және қадағалау функциялары мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданылуына талдау жүргізу; 8) тексерулер мен сараптамалар жүргізуге басқа ұйымдардан мамандарды заңнамада белгіленген тәртіппен тарту; 9) Қазақстан Республикасының заңнамасын, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін сақтау; 10) әзірлемеге дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналысы, дәрілік заттар және медициналық бұйымдармен қамтамсыз ету салаларындағы мәселелер бойынша, сондай-ақ мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын әзірлеу бойынша ұсыныстар енгізуге қатысу; 11) Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде белгіленген тәртіппен және мерзімдерде жеке және заңды тұлғалардың жолданымдарын, ұсыныстарын, үн қосуларды, сұратуларды, хабарламаларды қабылдау және қарау; 12) Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде және "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың шағымдарын қабылдау және қарау; 13) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру. 14. Функциялары: 1) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналысы, дәрілік заттар және медициналық бұйымдармен қамтамасыз етуді бақылау және қадағалау саласында мемлекеттік саясатты іске асырады; 2) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды; 3) дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың айналысы саласында, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады; 3-1) заңнамаға сәйкес жедел ден қою шараларын қабылдайды; 4) Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың жолданымдарын, ұсыныстарын, үн қосуларды, сұратуларды, хабарламаларды қарайды; 5) өз құзыреті шегінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы, дәрілік заттар және медициналық бұйымдармен қамтамсыз ету салаларындағы мемлекеттік қызметтерді көрсетеді; 6) өз құзыреті шегінде рұқсат беруді бақылауды жүзеге асырады; 7) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі 230-бабының 1), 2), 3), 4), 5) және 7) тармақшаларында (бұдан әрі – Кодекс) көрсетілген фармацевтикалық қызмет түрлерін, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымымен байланысты қызмет түрлерін лицензиялауды жүзеге асырады; 8) дәрілік заттардың және медициналық бұйымдардың айналысы саласында мемлекеттік бақылау және қадағалау мәселелері бойынша қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасайды; 9) тиісті фармацевтикалық практика стандарттарын әзірлейді; 10) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен Кодекстің 24-бабының 1-тармағының 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген қызметті жүзеге асыруды бастау немесе тоқтату туралы хабарлама қабылдауды жүзеге асырады; 11) фармацевтикалық инспекцияларды жүзеге асырады; 12) фармацевтикалық практикаға жіберу үшін маман сертификатын беру жөніндегі мемлекеттік қызметті көрсетеді; 13) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың жарнамасына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады; 14) ұйымдардың дәрілік заттар, медициналық бұйымдардың өндірісі бойынша мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарының квота үшін этил спиртінің, этил спиртін пайдалану туралы есептер үшін қажеттілік көлемдері бойынша өтінімдерді ұсынады; 15) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың сараптамасы және қауіпсізідігі мен сапасын бағалау жөніндегі монополиялық қызметін жүзеге асыратын сынақ зертханаларын аккредиттеуге қатысады; 16) саудалық атаулары бойынша дәрілік заттардың шекті бағаларының сақталуына мониторинг және бақылауды жүзеге асырады; 17) сараптама жүргізу үшін дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың үлгілерін іріктеуді жүзеге асырады; 18) нарықтан, оның ішінде медициналық ұйымдарда тәуекелге бағдарланған тәсіл ескеріле отырып, сапасы бақылауға жататын дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды іріктеуді жүзеге асырады; 19) заңнамаға сәйкес дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласында тергеп-тексеру жүргізеді; 20) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды айналыстан алуды жүзеге асырады; 21) денсаулық сақтау саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарына сәйкес келмейтін жарамсыз болып қалған, жарамдылық мерзімі өткен, жалған және контрафактілі басқа да дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге, өндіруге, дайындауға, сақтауға, қолдануға және өткізуге тыйым салады және (немесе) тоқтата тұрады; 22) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның қызметін немесе қызметінің жекелеген түрлерін тоқтата тұрады; 23) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі шеңберінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды, оның ішінде есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы, акцизсіз этил спирті айналымы саласында пайдалану мониторингін жүзеге асырады; 24) "Азаматтардың жекелеген санаттарына дәрілік заттарды, бейімделген емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды беру" мемлекеттік қызмет көрсетуді үйлестіруді жүзеге асырады; 25) денсаулық сақтау ұйымдарында сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымдардың тиімді пайдаланылуына мониторингті жүзеге асырады; 26) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналысы саласында бақылау мен қадағалау мәселелері бойынша денсаулық сақтау ұйымдарының қызметін үйлестіреді; 27) өз құзіреті шегінде тауарлардың нысаналы мақсатына растама береді; 28) Қазақстан Республикасында тіркелген және тіркелмеген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды әкелуге (әкетуге) келісу және/немесе қорытынды (рұқсат беру құжатын) беруді жүзеге асырады; 29) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады. 3-тарау. Департамент басшысының мәртебесі және өкілеттіктері 15. Департаментке басшылықты Депаратментке жүктелген міндеттердің орындалуына және оларға өзінің өкілеттіктерін жүзеге асыруға дербес жауапты басшы жүзеге асырады. 16. Департаменттің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады. 17. Департамент басшысының өкілеттігі: 1) заңнамаға сәйкес еңбек қатынастары мәселелері Департамент жұмыскерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады; 2) заңнамада белгіленген тәртіппен Департамент басшысының орынбасарын, Департамент жұмыскерлерін іссапарға жіберу, еңбек демалыстарын беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемеақы төлеу және сыйлықақы беру және тәртіптік жаза қолдану мәселелерін шешеді, Департамент жұмыскерлерінің лауазымдық міндеттерін бекітеді; 3) Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінің ережелерін бекітеді; 4) өз құзыреті шегінде Департаменттің бұйрықтарына қол қояды; 5) заңнамаға сәйкес барлық мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Департаменттің мүддесін білдіреді; 6) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған шараларды қабылдайды; 7) заңнамаға сәйкес Департаменттің атынан жеке және заңды тұлғалардың талаптары мен арыздары бойынша шешім қабылдайды; 8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. Департаменттің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын адам орындайды. 4-тарау. Департаменттің мүлкі 18. Департаменттің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін. 19. Департаменттің мүлкі оған меншік иесі берген, мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады. 20. Департаментке бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады. 21. Егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, Департаменттің өзіне бекітіліп берілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқылы емес. 5-тарау. Департаментті қайта ұйымдастыру және тарату 22. Департаментті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

    Жарияланды: