Бүгін Көкшетау қаласындағы балалар музыка мектебінің үрмелі аспаптар оркестрінің қатысушылары Беларусь Республикасының Минск қаласынан жеңіспен оралды.
Жас өнерпаздар мен олардың ұстаздарын Астана қаласының әуежайында ата-аналары, музыкалық мектеп әкімшілігі және білім басқармасының басшысы Әйгерім Қошанова салтанатты түрде қарсы алды.
Кездесу барысында балалар байқаудан алған әсерлерімен бөлісіп, қуаныштары мен жағымды эмоцияларын жеткізді. Өз кезегінде ата-аналар жас таланттардың халықаралық деңгейдегі байқауға қатысуына мүмкіндік жасаған ұйымдастырушыларға шынайы алғыстарын білдірді.
Бұл жеңіс – жас өнерпаздардың таланты мен еңбегінің, ұстаздардың кәсіби шеберлігі мен табанды еңбегінің жемісі.
Көкшетаудың жас музыканттарын жарқын жеңісімен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да шығармашылық табыстар мен жаңа белестер тілейміз!
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








