Қайта куәландыру кезінде мүгедектік мерзімі қалай есепке алынады?

    Қайта куәландыру кезінде мүгедектік мерзімі қалай есепке алынады?

    Мүгедектігі бар адамдар медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларында белгіленген мүгедектік мерзімдерін сақтай отырып, қайта куәландырудан өтеді.

    Мүгедектік қандай мерзімге белгіленеді?

    Жауап:Медициналық-әлеуметтік сараптама саласындағы қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мүгедектік мынадай мерзімдерге белгіленеді:

    -Он сегіз жасқа дейінгі адамдарға – 6 айға, 1 жылға, 2 жылға, 5 жылға немесежеті немесеон сегіз жасқа толғанға дейінбелгіленеді;

    -Он сегіз жастан асқан адамдарға – 6 айға, 1 жылға, 2 жылға, 5 жылға немесе қайта куәландыру мерзімінсіз белгіленеді.

    Мүгедектік мерзімі қалай есепке алынады?

    Жауап:Егер мүгедектігі бар адам қайта куәландырудан өтіп, оған мүгедектік қайта белгіленсе, өткізіп алған кезең үшін мүгедектік мерзімі мынадай тәртіппен есепке алынады:

    -Бұрын белгіленген қайта куәландыру мерзімінен бастап бір айдан аспайтын кезеңге;

    -Қайта куәландырудың кезекті мерзімін дәлелді себеппен өткізіп алған жағдайда үш жылға дейін. Яғни, ұзақ уақыт бойы үздіксіз стационарлық ем қабылдауына байланысты кезекті қайта куәландыруға келу мүмкін болмаған жағдайда;

    - Әрекетке қабілетсіз деп тану және қамқоршынытағайындаужөнідегі рәсімдерді жүргізу себебімен бір жылға дейін есептеледі.

    Төтенше жағдай кезеңінде мүгедектік мерзімі қалай есепке алынады?

    Жауап:Төтенщежағдайлар кезеңінде қайтакуәландыру мерзімітөтенще жағдай енгізілгенге дейін бір айдан аспайтын мерзімде және төтенше жағдай кезіндеқайтакуәландыруданөтпегенмүгедектігі бар адамның мүгедектік мерзімі төтеншежағдайдыңқолданылу кезеңіне автоматты түрде ұзартылады жәнебұл ретте төтенше жағдайрежимінің қолданылу айы толық есептеледі.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    ""Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Жетісу облысы бойынша департаменті" РММ" жаңалықтары