Заң мен Тәртіп

    2026 жылғы 20 қарашада Түркістан облысының Әділет департаменті Зияткерлік меншік құқықтары бөлімінің бас маманы Т. Кенжеханова сауда орындарында кәсіпкерлермен түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
    Іс-шара барысында кәсіпкерлерге тауар белгілерін тіркеу тәртібі, географиялық нұсқамаларды құқықтық қорғау, сондай-ақ Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексіндегі «Зияткерлік меншікті қорғау» көрсеткішінің маңызы түсіндірілді.
    Сонымен қатар, зияткерлік меншік құқықтарын сақтау, тауар белгілерін заңсыз пайдаланудың алдын алу және кәсіпкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
    Мұндай түсіндіру жұмыстары зияткерлік меншік құқықтарын қорғау мәдениетін қалыптастыруға, кәсіпкерлердің құқықтық білімін жетілдіруге және заң талаптарын сақтауға бағытталған.

    #ЗаңМенТәртіп #ЗияткерлікМеншік #ТауарБелгісі #ГеографиялықНұсқама #Әділет ТүркістанОблысы

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Түркістан облысының Әділет департаменті" жаңалықтары