ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ БЕРІК НЕГІЗІ, ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМНЫҢ БАСТЫ КЕПІЛІ!

    Қазақстан заңгерлер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Түркістан облыстық филиалының төрағасы Пернебаева Гүлнара Жексембаевна жаңа Конституцияға қатысты өз пікірін білдірді.

    💬 «Мен жаңа Конституциядан ең алдымен әділеттілікті, заң алдындағы теңдікті, жауапкершілікті, ашықтықты және халық мүддесінің қорғалуын көремін.

    Менің ойымша, жаңа Конституция – еліміздің болашағына бағытталған маңызды тарихи қадам. Конституцияның басты құндылығы – адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары. Заң үстемдігі орнаған жерде әділеттілік салтанат құрады, ал әділетті қоғамда тұрақтылық пен сенім қалыптасады.

    Біз үшін тек заң қабылдау жеткіліксіз. Ең бастысы – оның талаптарын өмірде мүлтіксіз орындау. Әрбір азамат өз құқығын біліп, міндеттерін адал атқарғанда ғана құқықтық мемлекет қалыптасады.

    Менің ұстанымым айқын: Конституция – жай ғана заңдар жинағы емес, ол – халықтың сенімі, мемлекеттің тірегі және болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілігіміз!

    Еліміздің іргесі берік, тәуелсіздігіміз тұғырлы, заңымыз үстем, халқымыз бірлікте болсын!» 🇰🇿

    #ЖаңаКонституция #ӘділеттіҚазақстан #ЗаңМенТәртіп #ТүркістанОблысы

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Түркістан облысының Әділет департаменті" жаңалықтары