Заң мен Тәртіп

    1 / 2

    2026 жылғы 13 қарашада Түркістан облысының Әділет департаменті Зияткерлік меншік құқықтары бөлімінің бас маманы К. Қуандықова сауда орындарында кәсіпкерлер арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
    Іс-шара барысында кәсіпкерлерге тауар белгілерін тіркеу тәртібі, географиялық нұсқамаларды құқықтық қорғау мәселелері, сондай-ақ Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексіндегі «Зияткерлік меншікті қорғау» көрсеткішінің маңыздылығы түсіндірілді.
    Сонымен қатар зияткерлік меншік құқықтарын сақтау, заңсыз пайдаланудың алдын алу және құқықтық сауаттылықты арттыру мәселелеріне назар аударылды.

    #ЗаңМенТәртіп #Әділет #ЗияткерлікМеншік #ҚұқықтықСауаттылық #ТүркістанОблысы

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Түркістан облысының Әділет департаменті" жаңалықтары