Бүгін Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығы қарсаңында Үлкен Нарын ауданында ауылдық инфрақұрылымды дамыту және ветеринариялық қызметтердің қолжетімділігін арттыру бағытында маңызды жұмыстар атқарылуда.
Атап айтқанда, Алтынбел, Новополяковка және Солоновка ауылдарында жаңа ветеринариялық пунктер ашылып, пайдалануға берілді.
Жаңа нысандар ауыл тұрғындарына ветеринариялық қызметтерді тұрғылықты жеріне жақын жерде алуға, ауыл шаруашылығы жануарларын уақтылы тексеруден өткізуге және қажетті профилактикалық шараларды жүргізуге мүмкіндік береді.
Үлкен Нарын ауданының экономикасында ауыл шаруашылығы, соның ішінде мал шаруашылығы ерекше орын алады. Осыған орай ветеринариялық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру – мал басының саулығын сақтау, жұқпалы аурулардың алдын алу және шаруашылықтардың тұрақты дамуын қамтамасыз етудің маңызды шарттарының бірі.
Жаңа ветеринариялық пунктердің ашылуы ауылдардың инфрақұрылымын жақсартуға, ветеринариялық қауіпсіздікті нығайтуға және ауыл тұрғындарына көрсетілетін қызмет сапасын арттыруға бағытталған.
Бұл бастама – ауылдық аумақтарды дамытуға, аграрлық саланы қолдауға және тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған игілікті істердің жарқын көрінісі.
Глубокое ауданының Веселов ауылдық округіне қарасты Веселовка ауылында жаңа ветеринариялық пунктің салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Жаңа нысан ауыл тұрғындарына ветеринариялық қызметтерді тұрғылықты жеріне жақын жерде алуға, профилактикалық іс-шараларды уақтылы жүргізуге, үй жануарлары мен ауыл шаруашылығы жануарларының жағдайына тиісті ветеринариялық бақылау жасауға мүмкіндік береді.
Ветеринариялық инфрақұрылымды дамыту елді мекендер үшін ерекше маңызға ие. Себебі мал шаруашылығы - ауыл тұрғындарының негізгі кәсіптерінің бірі әрі көптеген отбасының табыс көзі.
2026 жылға арналған жоспар аясында Шығыс Қазақстан облысында 32 ветеринариялық пункт, үш аудандық ветеринариялық станция және 25 мал қорымын салу көзделген. Бүгінгі таңда жоспарланған нысандардың 70 пайыздан астамы пайдалануға беруге дайын.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









