Қазақстанда мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы басталды. Шығыс Қазақстан облысында таңғы сағат 7:00-де 534 сайлау учаскесі өз жұмысын бастады.
Сайлау күні алғашқы болып дауыс беруге келген тұрғындарға ерекше құрмет көрсетіліп, сыйлықтар табысталды.
Атап айтқанда, №895 сайлау учаскесінде алғашқы болып дауыс берген сайлаушы – Нұртазина Сандығаш Владимировна болды. Барлық учаскілерде алғашқы сайлаушыларға сыйлық табысталып, мерекелік көңіл күй сыйланды.
Аталған акцияның мақсаты – сайлаушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, сайлау учаскелеріне алғашқылардың бірі болып келген тұрғындарға алғыс білдіру.
Осылайша, өңірде сайлау науқаны таңғы сағаттан бастап ұйымдасқан түрде жалғасуда.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









