Шығыс Қазақстан тұрғындары сайлауда белсенді дауыс беруде

    1 / 9

    Шығыс Қазақстан облысында ҚР мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауында таңертеңнен бері дауыс беру белсенді өтіп жатыр.

    Көпшілік сайлау учаскелеріне отбасымен, көршілерімен және достарымен бірге келуде. Дауыс берушілер арасында алғаш рет сайлауға қатысқан азаматтардан бастап ақсақалдарға дейін түрлі буын өкілдері бар.

    Сайлау учаскелерінде мерекелік атмосфера қалыптасқан. Тәртіптің сақталуы мен дауыс беру процесінің ашықтығын бақылаушылар қадағалап отыр.

    Облыстық сайлау комиссиясының мәліметінше, дауыс беру өңірдегі 534 сайлау учаскесінде ұйымдастырылды. Өңір бойынша сайлаушылар тізіміне 484 350 адам енгізілді.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі" жаңалықтары