МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІҢ ЗАҢНАМА ТАЛАПТАРЫН САҚТАУ БОЙЫНША ЖИНАЛЫС ӨТКІЗДІ

    1 / 5
    Шардара ауданы әкімі аппаратының басшысы - Шардара ауданы әкімдігінің жергілікті атқарушы органдарының әдеп жөніндегі уәкілі С.Ильясовтың төрағалығымен аудан әкімінің аппаратына қарасты мекемелердің мемлекеттік қызметшілерімен жиналыс өткізіліп, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 2026 жылғы 19 мамырдағы № 290-заңының, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-заңының және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің нормаларын сақтауды, көкпар ойындарына қатысу барысында қызметтік жағдайды жеке мақсатта пайдалану, заңсыз материалдық немесе коммерциялық мүдделерді көздеу, ақшалай бәс тігу және әдеп нормаларына қайшы келетін өзге де әрекеттерге бармауды, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік органдарда қызметтік әдеп нормалары мен заңнамада белгіленген шектеулердің сақталуын қамтамасыз ету, жұмыс уақытында көпар ойындарына және осыған ұқсас басқа да іс-шараларға қатысуына жол бермеу және құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Шардара ауданы әкімінің аппараты" жаңалықтары