Арнайы жүріп-тұру құралдарын ұсынуға арналған медициналық-әлеуметтік көрсетілімдер мен қарсы көрсетілімдер.

    Арнайы жүріп-тұру құралдарын ұсынудың негізгі медициналық-әлеуметтік көрсетілімдері

    Арнайы жүріп-тұру құралдарын ұсынуға негіз болатын негізгі көрсетілімдер – статикалық-динамикалық функциялардың және өздігінен қозғалу қабілетінің тұрақты, айқын немесе едәуір айқын бұзылуы.

    1. Жүйке жүйесі мен тірек-қимыл аппаратының бұзылуы:

    • Параплегия, триплегия, тетраплегия, гемиплегия немесе аяқ-қолдардың айқын парездері;

    • Айқын дәрежедегі атаксия;

    • Гиперкинетикалық-амиостатикалық синдром және паркинсонизмнің акинетикалық-ригидті түрі.

    Аяқ-қолдардың ампутациясы мен ақаулары:

    • Екі сирақтың тұқылдарының болуы немесе одан жоғары деңгейде ампутация жасалуы;

    • Төменгі аяқ-қолдардың туа біткен даму аномалиялары.

    2. Ішкі ағзалардың аурулары:

    • Қан айналымы жеткіліксіздігінің III дәрежесі (бөлмеде және серуендеуге арналған кресло-арбалар үшін);

    • Өкпе-жүрек жеткіліксіздігінің III дәрежесі (тек бөлмеде пайдалануға арналған кресло-арбалар үшін).

    3. Қол мен аяқ функцияларының қатар бұзылуы:

    Электр жетегі бар кресло-арбаны тағайындау үшін жүру функциясының ауыр бұзылуы жоғарғы аяқ-қол функцияларының айқын шектелуімен қатар жүруі қажет.

    Арнайы жүріп-тұру құралдарын ұсынудың негізгі қарсы көрсетілімдері

    1. Отырған қалыпта аурудың үдеуі:

    Ұзақ уақыт отырған қалыпта болу патологиялық үдерісті асқындыратын омыртқа аурулары, деформациялары немесе жарақат салдары.

    2. Психикалық және когнитивтік бұзылыстар:

    Есінің, кеңістікте бағдарлануының, зияткерлік функцияларының немесе уәждемесінің абсолютті бұзылуы (өздігінен қолмен немесе электр жетегі арқылы басқарылатын кресло-арбаларды пайдалануға қарсы көрсетілім болып табылады).

    3. Көру қабілетінің ауыр бұзылуы:

    Жалғыз немесе жақсы көретін көздің түзетумен көру өткірлігінің 0-ден 0,03-ке дейін төмендеуі немесе көру өрісінің 10 градусқа дейін концентрлік тарылуы (кресло-арбаны көшеде өздігінен басқаруға және электр жетегі бар кресло-арбаны пайдалануға қарсы көрсетілім болып табылады).

    4. Басқару мүмкіндігінің болмауы:

    Екі қол функцияларының ауыр немесе абсолютті бұзылуы қолмен басқарылатын стандартты модельдерді пайдалануға қарсы көрсетілім болып табылады. Мұндай жағдайларда электр жетегі бар кресло-арба немесе алып жүруші адам басқаратын кресло-каталка таңдалады.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    ""Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі" жаңалықтары