ШАРДАРА ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫНА – 60 ЖЫЛ!

    1 / 8
    Шардара қаласындағы Абай атындағы мәдениет үйінде Орман шаруашылығы қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне және Шардара орман шаруашылығы мекемесінің құрылғанына 60 жыл толуына орай салтанатты іс-шара өтті.
    Мерекелік жиынға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Тұрашбеков Нұрбол Әбдісаттарұлы және Шардара ауданының әкімі Қарсыбаев Арман Романұлы мен Түркістан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Төлепов Ғалымжан Ануарұлы қатысты.
    Салтанатты шара барысында Нұрбол Әбдісаттарұлы мен Арман Романұлы орман шаруашылығы саласында табанды еңбек етіп, табиғи байлықтарды сақтау мен молайтуға, қоршаған ортаны қорғауға өз үлестерін қосып жүрген бірқатар қызметкерді кәсіби мерекелерімен құттықтады. Сонымен қатар сала мамандарына еңбегі мен жауапкершілігі үшін алғыс хаттар мен сый-сияпаттар табысталды.
    Орман шаруашылығы – табиғи тепе-теңдікті сақтауда, қоршаған ортаны қорғауда және келешек ұрпаққа жасыл мұра қалдыруда маңызы зор сала. Бұл бағытта еңбек ететін мамандардың күнделікті қызметі орман қорын сақтау, ағаштарды күтіп-баптау, көгалдандыру жұмыстарын жүргізу және табиғи байлықтарды келер ұрпаққа аман жеткізу міндеттерімен тығыз байланысты.
    Шардара орман шаруашылығы мекемесінің 60 жылдық тарихы – табиғатты аялауға, орман қорын молайтуға және туған өлкенің экологиялық ахуалын жақсартуға бағытталған ұзақ жылғы еңбектің көрінісі.
    Кәсіби мереке мен мерейтойға орай сала ардагерлері мен қызметкерлеріне зор денсаулық, отбасыларына амандық, еңбектеріне табыс және табиғатты қорғау жолындағы қызметтеріне толағай жетістіктер тілейміз!
    Табиғатты қорғау – болашақты қорғау! Орман шаруашылығы қызметкерлерінің еңбегі еленіп, мерейі үстем болсын!
    Шардара ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Шардара ауданы әкімінің аппараты" жаңалықтары