1 / 3
«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында Шардара ауданында апталық тазалық жұмыстары жүйелі түрде жалғасуда.
Ауданның санитарлық тазалығын сақтау, қоршаған ортаны абаттандыру және тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру мақсатында кезекті сенбілік ұйымдастырылды.
Тазалық шарасына мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері, спортшылар мен аудан тұрғындары белсенді қатысып, Шардара қаласындағы «Болашақ» шағын ауданында ауқымды жұмыстар атқарды. Атап айтқанда, ретсіз өскен арамшөптер оталып, арықтар тазартылды, аяқжолдар ретке келтірілді.
Мұндай игі бастамалар туған жердің көркеюіне үлес қосып қана қоймай, тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға да ықпал етеді. Өйткені тазалық – ортақ жауапкершілік, ал қоршаған ортаны күтіп ұстау – әрбір азаматтың міндеті.
Туған жердің тазалығын сақтау бір күндік науқанмен шектелмей, күнделікті өмір салтына айналуы тиіс.
Таза аула – таза арық – таза қала! Туған жердің көркеюі әрқайсымыздың қолымызда!
Шардара ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі









