Құрметті Шардара ауданының төтенше жағдайлар саласының қызметкерлері мен ардагерлері!

    Сіздерді 19 қазан – Құтқарушылар күнімен шын жүректен құттықтаймын!
    Құтқарушы болу – адам өмірін сақтап, ел қауіпсіздігін қамтамасыз етуді талап ететін абыройлы әрі жауапты мамандық. Қауіп-қатерге қаймықпай қарсы тұрып, қиын сәтте көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын созып жүрген сіздердің еңбектеріңіз зор құрметке лайық.
    Өрт, су тасқыны және түрлі төтенше жағдайлар кезінде жедел әрекет етіп, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында атқарып жүрген қызметтеріңіз үшін шынайы алғысымды білдіремін. Сондай-ақ сала ардагерлеріне көпжылдық еңбегі мен кейінгі буынға көрсеткен өнегесі үшін ризашылығымды жеткіземін.
    Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, қызметтеріңізге табыс пен сәттілік тілеймін! Әрдайым ел алғысына бөленіп, кезекшіліктен аман-есен оралуларыңызға тілектеспін.
    Құтқарушылар күні құтты болсын!
    Ізгі ниетпен,
    Шардара ауданының әкімі Қарсыбаев Арман Романұлы
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Шардара ауданы әкімінің аппараты" жаңалықтары