Түлек

    Құрметті кандидат!

    TULEK порталында жұмыс істеу тәртібімен танысу үшін сілтеме бойынша өтіңіз: https://youtu.be/jv9B9fZMM2k

    «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 6-тармағының 5-тармақшасына сәйкес, оқуды аяқтағаннан кейін бір жыл ішінде жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша білім беру ұйымдарында уәкілетті орган белгілеген мәннен төмен емес оқу нәтижесімен оқуын бітірген адамдар мемлекеттік қызметке конкурс өткізілмей қабылдануы мүмкін.

    Олар келесі әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға тағайындала алады:

    • ауданның немесе облыстық маңызы бар қаланың (облыстың әкімшілік орталығы болатын облыстық маңызы бар қаладан басқа) әкімі және мәслихаты аппараттарының төменгі лауазымына
    • ауданның және облыстық маңызы бар қаланың (облыстың әкімшілік орталығы болатын облыстық маңызы бар қаладан басқа) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органының басшы емес лауазымына
    • аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының басшы емес лауазымына
    • орталық мемлекеттік орган мен оның ведомствосының аудандағы немесе облыстық маңызы бар қаладағы (облыстың әкімшілік орталығы болатын облыстық маңызы бар қаладан басқа) аумақтық бөлімшесінің басшы емес лауазымына

    Басты талап – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2026 жылғы 1 шiлдедегi № 115 бұйрығымен белгіленген GPA 3,33-ден кем емес деңгейдегі жоғары академиялық үлгерім.

    Сіз тиісті бос жұмыс орындары туралы толық ақпаратпен е-Қызмет порталының осы бөлімінде таныса аласыз.

    Ескертпе: порталға оқуын аяқтағанына 1 жылдан аспаған және оқу нәтижелері GPA 3,33-ден кем емес түлектер қол жеткізе алады.

    Порталда Сізге өз мамандығыңызға сәйкес келетін бос жұмыс орындары қолжетімді болады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Аягөз аудандық мәслихаты" жаңалықтары