Абай облысы, Аягөз аудандық мәслихатының округтік және учаскелік сайлау комиссияларынан шығып қалған комиссия мүшелерінің орнына комиссия мүшелерін сайлау ХАБАРЛАМАСЫ

    «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының (бұдан әрі – сайлау туралы Конституциялық заң) 10-бабына сәйкес Аягөз аудандық мәслихаты округтік және учаскелік сайлау комиссиясынан шығып қалған комиссия мүшелерінің орнына комиссия мүшелерін сайлау туралы хабарлайды.

    Учаскелік сайлау комиссиясының құрамы сайлау учаскелердегі сайлаушылар санына байланысты аудандық аумақтық сайлау комиссиясымен белгіленген.

    Сайлау комиссияларының өкілеттігінің мерзімі бес жылды құрайды.

    Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.

    Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшесі болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.

    Саяси партиялардан ұсыныстар болмаған жағдайда мәслихаттар сайлау комиссиясын басқа қоғамдық бірлестіктер мен жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.

    Саяси партиялар, басқа қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және қалыптасатын комиссиядан жоғары тұрған сайлау комиссиялары 2026 жылдың 30 қазанына дейін мәслихатқа келесі құжаттарды тапсырады:

    1) белгіленген нысан бойынша электрондық және қағаз форматта сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтерді;

    2) саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің), жоғары тұрған сайлау комиссиясының тиісті сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар ұсыну туралы шешімінен үзінді;

    3) саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің) тіркелгендігі туралы құжаттың көшірмесі;

    4) кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы белгіленген нысандағы өтініші.

    Сайлау комиссияларының құрамдарына кандидатуралар туралы мәліметтердің, кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініштің нысандары мәслихаттың сайтында орналастырылған.

    Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын тұлға сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сай болуы тиіс.

    Сайлау комиссиясының мүшесі осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат тұрған әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұруы тиіс.

    Сайлау туралы Конституциялық заңның 23-бабының 3-тармағында қарастырылған сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан астамы бір ұйымның еңбеккерлері болмауы тиіс.

    Бір сайлау комиссиясының құрамына жақын туыстар (ата-аналары, балалары, асырап алушылары (қыз асырап алушылары), асырап алған балалары (қыздары), туған және туған емес ағалары мен әпкелері, аталары, әжелері, немерелері) немесе ері (зайыбы) кіре алмайды.

    Мәслихатқа қағаз нысанда ұсынылатын барлық құжаттар қол қойылып, мөрмен расталуы тиіс және орындалған күні, орындаушы туралы белгі тегі, аты-жөні және телефон нөмірі көрсетіліп ұсынылуы тиіс.

    Сайлау комиссиясының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2026 жылғы 30 қазанына дейін дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9.00-ден 18.30-ге дейін жүзеге асырылады, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ге дейін.

    Аягөз аудандық мәслихаты

    Ибрайшин Архат Алимгазинович – Аягөз аудандық мәслихатының төрағасы.

    Мәслихаттың тұрған орны: Аягөз қаласы, Б.Момышұлы көшесі 62.

    Жауапты тұлға – Есполов Бакытжан Дарханович, қалааралық телефон коды (872237), 3-17-25, электрондық пошта мекен жайы [email protected]

    Аудандық мәслихат округтік және учаскелік сайлау комиссияларынаншығып қалған комиссия мүшелерінің орнына комиссия мүшелерін сайлайды:

    №р/б

    Сайлау учаскесінің нөмірі

    Сайлау комиссиясының орналасқан жері

    Сайлау комиссия

    сы мүшелері

    нің саны

    1

    2

    3

    4

    1.

    № 198 учаскелік сайлау комиссиясы

    Аягөз қаласы, Маженов көшесі 1, «Аягөз локомотив жөндеу депосы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының ғимараты

    2

    2.

    № 201 учаскелік сайлау комиссиясы

    Аягөз қаласы, Қабанбай батыр көшесі 5/1,

    Абай облысы білім басқармасының Аягөз ауданы бойынша білім бөлімінің «№ 3 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты

    2

    3.

    № 203 учаскелік сайлау комиссиясы

    Аягөз қаласы, Әуэзов көшесі 23, Абай облысы білім басқармасының Аягөз ауданы бойынша білім бөлімінің « № 1 қалалық аралас жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты

    1

    4.

    № 204 учаскелік сайлау комиссиясы

    Аягөз қаласы, Абай бульвары 12, Аягөз ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді датыму, деңешықтыру және спорт бөлімінің «Қозы Көрпеш – Баян сұлу мәдениет үйі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының ғимараты

    1

    5.

    № 205 учаскелік сайлау комиссиясы

    Аягөз қаласы, Момышұлы көшесі 60, Абай облысы білім басқармасының Аягөз ауданы бойынша білім бөлімінің « № 9 Аягөз қалалық аралас бастауыш мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты

    1

    6.

    № 207 учаскелік сайлау комиссиясы

    Аягөз қаласы, Абай бульвары 47 б көшесі, «Абай облысы Аягөз ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты

    1

    7.

    № 209 учаскелік сайлау комиссиясы

    Аягөз қаласы, Кабанбай батыр көшесі 23, Абай облысы білім басқармасының Аягөз ауданы бойынша білім бөлімінің «№10 қалалық қазақ мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты

    1

    8.

    № 211 учаскелік сайлау комиссиясы

    Аягөз қаласы, Оңтүстік қалашық 4, Абай облысы білім басқармасының Аягөз ауданы бойынша білім бөлімінің « № 4 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты

    1

    9.

    № 216 учаскелік сайлау комиссиясы

    Қопа ауылы, Қопа ауылдық округі, «С.Сейфуллина атындағы жалпы орта білім беретін орта мектебі» ғимараты

    1

    10.

    № 219 учаскелік сайлау комиссиясы

    Ақшәулі ауылы, Ақшәулі ауылдық округі, Ақшаулі ауылдық клубы коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының «Қозы-Көрпеш-Баян Сұлу» мәдениет үйінің ғимараты

    1

    11.

    № 221 учаскелік сайлау комиссиясы

    Мыңбұлақ ауылы, Мыңбұлақ ауылдық округі, Мыңбұлақ ауылдық клубы коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының «Қозы-Көрпеш-Баян Сұлу» мәдениет үйінің ғимараты

    4

    12.

    № 227 учаскелік сайлау комиссиясы

    Ақши ауылы, Ақши ауылдық округі, «Қозы- Ақши ауылдық клубы коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының «Қозы-Көрпеш-Баян Сұлу» мәдениет үйінің ғимараты

    2

    13.

    № 238 учаскелік сайлау комиссиясы

    Айғыз ауылы, Айғыз ауылдық округі, Айғыз ауылдық клубы коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының «Қозы-Көрпеш-Баян Сұлу» мәдениет үйінің ғимараты

    1

    14.

    № 241 учаскелік сайлау комиссиясы

    Бидайық ауылы, Бидайық ауылдық округі, Абай облысы білім басқармасының Аягөз ауданы бойынша білім бөлімінің «М.Әбеулов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты

    1

    15.

    № 242 учаскелік сайлау комиссиясы

    Мәдениет ауылы, Мәдениет ауылдық округі, Мәдениет ауылдық клубы коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының «Қозы-Көрпеш-Баян Сұлу» мәдениет үйінің ғимараты

    1

    16.

    № 243 учаскелік сайлау комиссиясы

    Емельтау ауылы, Емельтау ауылдық округі, Емельтау ауылдық клубы коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының «Қозы-Көрпеш-Баян Сұлу» мәдениет үйінің ғимараты

    1

    17.

    № 248 учаскелік сайлау комиссиясы

    Аягөз қаласы, Танірберген көшесі 68, «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Абай ауданының полиция басқармасының Аягөз ауданының полиция бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ғимараты

    1

    18.

    № 249 учаскелік сайлау комиссиясы

    Аягөз қаласы, Рахимова 1А, Танірбергенова 47, Абай ауданы денсаулық сақтау басқармасының «Аягөз ауданының көпсалалы орталық аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының ғимараты, «Қазуғұл» мекемесі

    1

    19.

    №1 округтік сайлау комиссиясы

    Аягөз қаласы, Уәлиханов көшесі, № 18д үй, «Қалалық қазақ мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты

    1

    20.

    № 6 округтік сайлау комиссиясы

    Аягөз қаласы, Байтұрсынов көшесі, № 22 үй, «№ 5 жалпы білім беретін орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты

    1

    21.

    № 8 округтік сайлау комиссиясы

    Аягөз қаласы, Оңтүстік қалашық, № 4 үй, «№ 4 аралас жалпы білім беретін орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты

    1

    22.

    № 9 округтік сайлау комиссиясы

    Аягөз қаласы, Қабанбай батыр көшесі, № 5/1 үй, «№ 3 жалпы білім беретін орта мектебі» мемлекеттік мекемесінің ғимараты

    1

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Аягөз аудандық мәслихаты" жаңалықтары