Елордалық спортшылар су добынан Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды

    Елордалық спортшылар су добынан Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды

    Су добынан Қазақстан ерлер құрамасы Жапонияның Айти және Нагоя қалаларында өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарының күміс жүлдесін жеңіп алды, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

    Финалдық кездесуде қазақстандық ватерполшылар Жапония құрамасымен кездесті. Шешуші матчтың қорытындысы бойынша ұлттық құрама алаң иелеріне 7:24 есебімен жол беріп, жарысты екінші орынмен аяқтады.

    Азия ойындарында Қазақстан құрамасы сапында елордалық бес спортшы – Срджан Вуксанович, Рустам Шмидер, Данияр Шакенов, Владислав Укуманов және Артемий Рудай өнер көрсетті.

    Осылайша, елордалық спортшылар ұлттық құрамамен бірге XX жазғы Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Астана қаласының әкімдігі" жаңалықтары