Астаналық джиу-джитсу шебері Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды

    Астаналық джиу-джитсу шебері Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды

    Елордалық спортшы Мерей Қабдуллаев Жапонияның Айти және Нагоя қалаларында өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында джиу-джитсудан күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

    Мерей Қабдуллаев Жапонияда өтіп жатқан Азия ойындарында 85 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті.

    Финалда елордалық спортшы Сауд Арабиясының өкілі Абдулла Тарик Надамен кездесіп, жекпе-жек қорытындысы бойынша қарсыласына есе жіберді.

    Осылайша, Мерей Қабдуллаев XX жазғы Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Астана қаласының әкімдігі" жаңалықтары