
Хромтау қаласында тұрғындарды баспанамен қамту бағытындағы жұмыстар аясында жаңа пәтерлердің кілттерін табыстау рәсімі өтті. Салтанатты шарада Хромтау қаласы мен Дөң ауылының тұрғынына көптен күткен баспаналарының кілттері табысталды.
Қоныс тойын тойлаған азаматтарды Хромтау ауданының әкімі Нұрхан Тлеумұратов арнайы құттықтады. Аудан басшысы өз сөзінде отбасы құндылықтары мен анаға деген құрметтің маңыздылығына тоқталып, жаңа шаңырақ иелеріне құт-береке мен амандық тіледі.
Бұл қолдау шаралары өңірдегі халықтың әл-ауқатын арттыру және әлеуметтік мәселелерді шешу бағытындағы жұмыстардың нәтижесі болып табылады.









