
Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ералы Тоғжанов «Жаңа Ташкент» қаласының құрылысы дирекциясына барып, Дирекция директоры – Өзбекстан Республикасының Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықМинистрінің орынбасары Давронжон Адиловпен кездесу өткізді.
Дирекцияға барубарысында Елші Жаңа Ташкент қаласын дамыту тұжырымдамасымен, негізгі құрылыс және инфрақұрылымдық жобалардың іске асырылу барысымен, сондай-ақ қаланы одан әрі дамытудың перспективалық жоспарларымен танысты.
Заманауи қала құрылысы шешімдеріне, көлік және инженерлік инфрақұрылымды дамытуға, энергия тиімді және цифрлық технологияларды енгізуге, сондай-ақ жайлы қалалық ортаны қалыптастыруға ерекше назар аударылды.
Тараптар құрылыс, сәулет және қала құрылысы, құрылыс материалдарын өндіру, сондай-ақ «ақылды қала» технологияларын қолдану салаларындағы қазақ-өзбек ынтымақтастығын кеңейту перспективаларын талқылады.
Кездесу қорытындысы бойынша жұмыс байланыстарын жалғастыру, қазақстандық компаниялардың Жаңа Ташкенттің перспективалық жобаларына қатысу мүмкіндігін пысықтау, сондай-ақ жақын арада Ташкент қаласында Қазақстан-Өзбекстан құрылыс форумын өткізу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.









